Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Кешкі сағат 8-де ел аумағындағы 10 344 сайлау учаскесі жабылып, дауыстарды санау басталды. Еуропа мен Америкада орналасқан сайлау учаскелері әлі жұмыс істеп тұр.
Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, 12 605 788 сайлаушының 9 352 151-і қатысқан. Бұл – сайлаушылар тізіміндегі азаматтардың 74,19 пайызы.
Ресми көрсеткіш бойынша, кей аймақтарда белсенділік өте жоғары болып, көрсеткіш 90 пайыздан асқан. Түркістан (92%), Жетісу (91%) және Қызылорда (90%) облыстары ең жоғары нәтиже көрсетті.
Шығыс Қазақстан (87,5 пайыз), Ақтөбе (88, пайыз), Жамбыл (85,1 пайыз) облыстары да алда тұр.
Ең төмен көрсеткіш Астана (51%) мен Алматыда (43%) тіркелді.
Заң бойынша, дауыстарды санау уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.
Дауыс берудің алдын ала қорытындысы 24 тамыз күні шығарылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!