Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында дауыс берді.
Жасы ғасырдан асқан ақсақал маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Қарт майдангер әр азаматтың дауыс беруі жауапкершіліктің белгісі екенін атап өтті.
– Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әркім өз таңдауын жасауы керек. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!, – деп ақ батасын берді.
105 жастағы Яхия Тасыров – облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!