Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зиялы қауымның шамасы «жаңа пайғамбарға» табынуға ғана жарады

18.08.2026, 16:10 67

HALYQLINE.KZ

… Зиялы қауымнан Махамбеттің мінезін күтуге болмайтыны рас. Қазақ зиялыларының сөзі бұрынғыдай өтімді болмаса, бұл да – заңдылық. Демек, өзінен өзгеге басы ауырмайтын болғаны ғой. Бірақ зиялыны кінәлай беруге де болмайды. Қай заманда да билік пен қара күштің қысымы болған. Осы қара күшке тосқауыл боларлық бір ғана құдірет бар, ол – рух. Адамның рухы, намысы, ар-ұяты. Адамды хайуаннан айырып тұратын ұлы шекара осы ғана. Сол шекара әлдеқашан бұзылғандықтан, қолы ұзын, кімге болса да қорлық көрсете алатын, иманнан ада биліктің жүгені сыпырылып, өз дегенін істей бастады.

Бұған қай заманда да қарсы тұрарлық адамдар, ары таза, өз басын сыйлайтын азаматтар болғаны тарихтан белгілі. Бізде солар жоқ немесе жоққа жақын деңгейде. Оның айқын масқарасын желтоқсанда көргенбіз. Одан бергі жағдай нашарлай түспесе, күшейе қойған жоқ. Кешегі қаңтар қырғыны – осының ең асқынған көрінісі. Ал зиялы қауымның шамасы «жаңа пайғамбарға» табынуға ғана жарады. Есесіне, әлі де үмітті халықтың рухы оянып келеді…

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

ақын, публицист.

(«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан алынды)

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: