Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шығыр

14.08.2026, 11:10 58

HALYQLINE.KZ

Бір суреттің сыры

Мына суретте Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылындағы жеке шаруа Сырманның егін суару барысында шығырды пайдалану сәті. Жанындағы – он жастағы баласы Абылайхан.

Су ағысы екпінімен шыр айналатын шығыр күндіз-түні тынбастан бір құлақ суды айдайды да тұрады. Сол арқылы 3-4 гектар егінін суландырады. Әрине, арықтағы судың күші кем, сылдырап қана ағады. Сондықтан бір атызды толтырып, екіншісіне су жіберу үшін біршама уақыт төзімділікпен күтуге тура келеді. Кешегі тоқырау жылдарындағы өлместің күні ғой.

Сырман – туған інім, өзімнен бір мүшел жас кіші. Өзі бала кезінен бейнеткеш, қарулы, қара шаруаға бейім болып өсті. Кешегі су шығаратын матор жоқ, жанар-жағармай тапшы кезіндегі тапқан амалы. Мына шығырды сом темірді иіп, сыммен байлап, болтпен қатырып дегендей дәнекерлеуші аспапты қолданбай өзі жасап шықты. Екі-үш жыл осылай әжетіне жаратты.

Иә, ауылда осындай бейнеткеш адамдар өмір сүреді.

Сурет 2004-2005 жылдары түсірілген.

Нұрмахан  ЕЛТАЙ,

Шиелі  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: