Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

23 жылдан кейін АҚШ әскері Ирактан толық шығарылады

14.08.2026, 8:55 31

АҚШ әскері 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін Ирак аумағынан толық шығарылады. Осы күннен бастап ИГИЛ-ге қарсы құрылған халықаралық коалицияның елдегі әскери миссиясы да аяқталады.

Шешім Ирак премьер-министрі Әли әл-Заиди мен АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы, адмирал Брэд Купердің кездесуінен кейін жарияланды. Тараптар шетелдік әскерді шығару барысы мен Ирактың қауіпсіздігін өз күштері арқылы қамтамасыз ету мәселесін талқылаған.

АҚШ әскері Иракқа 2003 жылы кірді. 2011 жылы америкалық күштердің негізгі бөлігі елден шығарылғанымен, 2014 жылы ИГИЛ содырларына қарсы күрес басталған кезде халықаралық коалиция құрамында қайта оралды.

Әскерді толық шығару жөніндегі келісім іске асса, АҚШ-тың Ирактағы 23 жылға созылған әскери кезеңіне нүкте қойылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: