Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар күніне орай «Оpen Аir Zhanakorgan» атты мерекелік концерт өтті

12.08.2026, 23:51 31

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай “Prime Park” орталық саябағында ашық аспан астында жастарға арналған ерекше гала-концерт ұйымдастырылды.э

«OPEN AIR ZHANAKORGAN» атауымен өткен бұл кешке аудан жастары мен қонақтары жиналып, әсерлі атмосферада өнер мен көңіл көтеруді тоғыстырған ұмытылмас сәттерге куә болды.

Шараға аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан қатысып, барша жастарды мерекемен құттықтады.

«Сіздерді 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің кемел болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Әрқайсыңыздың жетістіктеріңіз – ауданымыздың жетістігі. Сондықтан алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз биік, қадамдарыңыз нық болсын!» — деді аудан басшысы.

Шара барысында әр саланың белсенді жастары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кештің мәдени бағдарламасы көрерменнің үлкен ықыласына бөленді. Сахнада өнер көрсеткен Шымкент қаласынан келген «Oskar show» және Қызылорда қаласынан келген «DJ Dimvsh» жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концертте жастар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: