2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы жарияланды.
Талапкерлер грант иегерлерінің толық тізімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздерінен көре алады.
Биыл мемлекеттік грант конкурсына 127 мыңнан астам өтініш түскен. Талапкерлер арасында педагогика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоғары сұранысқа ие болды.
«Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттарын таңдады», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Министрліктің мәліметінше, аудармашы, дипломат, заңгер, психолог пен педагог мамандықтарын даярлайтын білім беру бағдарламаларында бір гранттық орынға бәсекелестік жоғары болған.
Грант иегерлері енді таңдаған жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыруы қажет. Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Грант иегерлерінің толық тізімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшаларынан және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық ресурстарынан көруге болады.
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін біздің TELEGRAM арнамызға өту арқылы біле аласыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!