Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өскеменде мектеп оқушылары арасындағы көпкүндік веложарыс басталды

05.08.2026, 10:30 71

Өскеменде дәстүрлі «Қазақстанның мектеп оқушысы» атты көпкүндік веложарыс басталды. Байрақты бәсеке Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бастамасымен биыл 56-рет ұйымдастырылып отыр. 

Жарыс биыл Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында өтуде. Дәстүрлі дода жас велошабандоздардың тәжірибесін шыңдап, болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік береді. Биылғы жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген 120-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Сайыста 2008–2009 жылдары туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер бақ сынайды. Көпкүндік жарыс 7 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға жекелей және топтық жарыстар енгізілген. Қатысушылар 25, 40, 80, 84 және ең ұзақ 90 шақырым қашықтықтарда өзара мықтыны анықтайды. 

— Бұл жарыс – жас спортшылардың күш-жігерін шыңдап, шеберлігін арттыратын маңызды спорттық алаң. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған талантты жасөспірімдер осы додада өз мүмкіндіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасады. Осындай жарыстардың арқасында болашақта халықаралық ареналарда Қазақстанның көк туын желбірететін спортшылар өсіп шығады деп сенеміз, — дейді ҚР оқу-ағарту министрлігі «ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» жетекші сарапшысы  Нұрберген Нұрлыхасымұлы.  

Айта кетейік, дәстүрлі дода Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: