АҚШ Ресей Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери құрылымын, екі компания мен бес Ресей азаматын санкция тізіміне енгізді, деп хабарлайды halyqline.kz.
AҚШ-тың Federal Register ресми құжатында Ресейдің Құрлық әскері, Бас зымыран-артиллериялық басқармасы, 1061-материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығы және перспективалық мекемеаралық зерттеулер мен арнайы жобалар басқармасы аталған.
Тізімге International Invest Company және Gedion Alpha Company компаниялары да кірді. Ресей азаматтары Александр Приходько, Андрей Гусев, Андрей Косолапов, Владислав Морозик пен Сергей Цибаревке де шектеу қойылған.
Санкцияға іліккен тұлғалар мен ұйымдардан АҚШ мемлекеттік мекемелеріне тауар, технология немесе қызмет сатып алуға тыйым салынады. Оларға америкалық мемлекеттік көмек көрсету, қару-жарақ пен қорғаныс қызметтерін сату тоқтатылады. Экспорттық лицензиялар да берілмейді.
Шектеулер 2026 жылғы 24 шілдеден күшіне енген және екі жылға белгіленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!