Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ өнімі жаңа нарықтарға шығып, экспорт 7 млрд долларға жетті

04.08.2026, 13:00 27

Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 37 пайызға өсіп, 7 млрд долларға жетті. Экспортталған тауарлардың жартысынан астамын қайта өңделген өнімдер құрайды, деп хабарлайды halyqline.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәліметінше, 2024-2025 маркетингтік жылы астық пен ұн экспортының көлемі астық баламасында рекордтық 15,3 млн тоннаға жеткен.

«Экспортты ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық өнім Марокко, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарықтарына шықты. Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдер қалпына келтірілді. Май өнеркәсібі де тұрақты дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша күнбағыс майының экспорты 41 пайызға, ал тазартылған майдың экспорты 2,1 есе өсті», деді Азат Сұлтанов.

Елдегі азық-түлік өндірісінің көлемі 2025 жылы 8,4 пайызға артып, 4 трлн теңгеге жетті. Биылғы бірінші жартыжылдықта өндіріс былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға өскен. Агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі алты айда 55 пайызға ұлғайып, 926 млрд теңгені құрады.

Қазір негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша ішкі нарықты қамтамасыз ету деңгейі 80 пайыздан жоғары. Құс еті, балық, қант, ірімшік, сүзбе, шұжық өнімдері мен алма өндірісін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Сүт өндірісінің шикізат қорын нығайту үшін 500 мың тоннадан астам өнім шығаруға қауқарлы 95 сүт-тауар фермасы қаржыландырылған. Соның 71-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қуаты шамамен 100 мың тонна болатын тағы 19 ферма іске қосылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: