Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темекі шегетіндерге жағымсыз хабар тарады

03.08.2026, 12:00 57

Қазақстанда 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы қайта көтерілді. Енді бір қорап темекінің ең төменгі құны 970 теңгеден басталады. 

Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, жаңа баға фильтрлі және фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға қолданылады. Бағаның өсуі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. 

Ведомство бұл шешімді темекі өнімдерінің қолжетімділігін төмендету, халықтың денсаулығын қорғау және темекі тұтынуды азайту саясатының бір бөлігі ретінде түсіндіріп отыр. Сонымен қатар акциз мөлшерлемесінің кезең-кезеңімен өсуі де бағаның қымбаттауына әсер етеді. 

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы бірнеше мәрте көтерілді. Мемлекет темекі өнімдерінің құнын жыл сайын біртіндеп өсіріп келеді. Бұған дейін бір қораптың ең төменгі бағасы 920 теңге болған еді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: