Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өкпелеу – у ішу

25.07.2026, 7:00 30

HALYQLINE.KZ

Темекіні тастадың. Ішімдікті шектедің. Қант жемейсің. Спортзалға баратын болдың. Дәрумен ішесің. 8 сағат ұйықтайсың. Бәрін дұрыс жасап жүрмін деп ойлайсың. Ал ішіңде ауыр жүк байланған. Тәніңді бүлдіретін. Күнделікті. Темекісіз. Бөтелкесіз. Кәмпитсіз.

Эверетт Уортингтон. Virginia Commonwelth-тің профессоры. Қырық жылдан бері бір эмоцияны зерттеумен шұғылданады. Зерттеуге 4598 адам қатысқан. REACH тәсілі 30+ зерттеуден өтті. Бұл эмоция – өкпелеу. Адам тәніндегі көзге көрінбейтін инфекцияның рөлін атқарады.

1. Өкпелеу тәннің қабынуын арттырады. С – реактивті ақуыз. Интерклейкин-6. Бұлар – обыр мен инфекция кезінде тексеруге тиіс маркерлер. Өкпешіл адамда бұл маркерлер үнемі көтеріліп тұрады. Инфекция болмаса да асқынып тұрады. Ешбір жарақатсыз. Тән ішімде дұшпан отыр деп есептейді. Сосын өз-өзімен жауласады. Жылдар бойы.

2. Миыңда бір көріністі айналдыра бересің. Тән ажырата алмай қалады. Ол адам саған не дегенін еске түсіресің. Жүрек қағысы жиілейді. Кортизол бөлінеді. Бұлшықет жиырылады. Тән үшін бұл, шын мәнінде, қауіп болып тұрады. Төбелес қайталанғандай күй кешеді. Еске түсірген сайын сол. Сен елеспен алысасың, ал тән шын соғыстың ақысын алады.

3. Кешірмеу созылмалы дерт сынды. Емдеуге рұқсат бермейсің. Кеш батқан сайын бір құры теріңді сылып алғандай. Еске түсірген сайын репетиция жасағандай боласың. Кездесе қалсам, не айтам деп мың рет ойланасың. Жарақаттың бетін тырнайсың. Бар күш-жігерің ойша соғысуға кетіп қалады. Иммунитет түседі. Тәніңді дерт мүжиді.

4. Ол сені ұмытып кетті. Сен 10 жыл бойы ұмытпадың. Бәрі бүге-шігесіне дейін есіңде. Дауыс ырғағы. Жүзіндегі бейтараптық. Киген киімі. Ол өз өмірін сүріп жатыр. Бақытты. Сенің атыңды да ұмытқан. Ал сен түнімен хат жазып, таңертең жыртып тастайсың. Кім дертті? Кім аурушаң? Жауап белгілі ғой.

5. Кешіру – ақтап алу емес. Ұмытып кету емес. Қайтып өміріңе енгізу емес. Бәрі дұрыс деу емес. Кешіру – у ішуді доғару. Сен ішкен у өзге біреуді улайды деген бос арманға алданбау. Будда мұны 2500 жыл бұрын айтып кеткен. Ғылым дәлелдеді. Өкпелеу – қолыңмен ыстық көмірді ұстау. Тек сенің қолың күйетінін ескерсең етті.

Марина Рейнвальд

Аударған  Шынар  ӘБІЛДА

Фото: img6.socratify.net

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: