Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтай сайлауына шетелдік журналистерді тіркеу басталды

24.07.2026, 10:00 72

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттары сайлауын жариялауға ниетті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеуді бастады, деп хабарлайды Halyqline.kz

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелдік журналистер Қазақстан аумағында кәсіби қызметін тек Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу негізінде ғана жүзеге асыра алады. 

Министрліктің мәліметінше, аккредиттеуден өткен шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда бір аудармашыны бірге алып жүруге рұқсат беріледі. 

Аккредиттеуге өтінім беру тәртібі мен қажетті құжаттардың толық тізімі Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған. 

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: