Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пойыздарда интернет қолжетімді бола бастады

22.07.2026, 12:15 58

Қазақстандағы бірқатар жолаушы пойызында интернет қолжетімді бола бастады. Көлік министрлігі теміржол көлігін цифрландыру аясында бес әлеуметтік маңызы бар бағыттағы пойыздарды спутниктік байланыс арқылы Wi-Fi желісіне қосты.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Министрлік мәліметінше қазір мына бағытта қатынайтын пойыздарға интернет қосылған:

Қызылорда-Павлодар;
Жезқазған-Астана;
Астана-Семей;
Алматы-Достық;
Қызылорда-Көкшетау.

Спутниктік байланыс технологиясы ұялы байланыс желісі жоқ теміржол учаскелерінде де тұрақты интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Жолаушылар пойыздағы Wi-Fi желісіне қосылып, авторизациядан өткеннен кейін WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жібере алады. Ал әлеуметтік желілерді, бейнеплатформаларды және басқа да интернет сервистерін пайдалану үшін ақылы тарифті қосуға мүмкіндік қарастырылған.

Фото: showmetech.com.br

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: