Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар қай көліктерді көбірек сатып алып жатыр?

13.07.2026, 17:20 60

Қазақстанда маусым айында ресми дилерлер 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға көп. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағы хабарлады.

Жыл басынан бері елде 105 886 жаңа көлік сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы рекордтық нәтижемен шамалас. Қазақстан автомобиль одағының мәліметінше, жаңа көліктерге сұраныс жоғары деңгейде сақталғанымен, нарықтағы бәсеке күшейіп, сатып алушылар бағаға, технологияға және қызмет көрсету сапасына бұрынғыдан да көп мән бере бастаған.

Маусым айында ең көп сатылған бренд Chevrolet болды – 3 117 автокөлік. Екінші орында Hyundai (3 034), ал үшінші орынға сатылымын екі еседен астам арттырған Changan (2 565) жайғасты.

Биыл қазақстандықтар ең көп таңдаған автокөліктер:

  1. Chevrolet Cobalt – 16 370
  2. Hyundai Tucson – 8 601
  3. Kia Sportage – 5 200
  4. Changan CS55 Plus – 4 017
  5. Hyundai Mufasa – 3 119
  6. Haval Jolion – 2 836
  7. Changan CS35 Max – 2 706
  8. Chery Tiggo 2 – 2 585
  9. Haval M6 – 2 396
  10. Chery Tiggo 7 – 2 393

Сурет авторы: Antoni Shkraba/Pexels

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: