Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЮНЕСКО сарапшылары «Геопарк арал» жобасын ауданда жалғастыруда

08.07.2026, 17:54 46

ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне «Арал геопаркін» енгізу бойынша бағалау жүргізуге келген халықаралық сарапшылар Жозе Брилья мен Сома Саедиюнеси бүгін жұмыс сапарымен Арал ауданына келді.

Сапар аясында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев, жобаға жауапты мамандармен бірге халықаралық сарапшылармен кездесті.

Жиынға салалық бөлім басшылары мен жобаға жауапты мамандар қатысып, «Арал геопаркін» дамыту бағытында атқарылған жұмыстар, өңірдің табиғи, тарихи және мәдени мұрасын сақтау, туризмді дамыту және ЮНЕСКО талаптарына сәйкес жүзеге асырылған дайындық шаралары талқыланды.

Аталған нысан – тек инфрақұрылымдық жоба емес. Бұл – Арал өңірінің табиғи, тарихи, геологиялық, мәдени және экологиялық бай мұрасын сақтау мен танытудың, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай туристік орталық болмақ.

Бағалау миссиясы барысында халықаралық сарапшылар геопарктің туристік картасына енгізілген бірқатар геологиялық және туристік нысандарды аралап, олардың инфрақұрылымымен, туристерге ұсынылатын мүмкіндіктерімен танысады. Сонымен қатар Арал қаласындағы әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне де баға береді.

Айта кетейік, «Арал геопаркін» ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізу жөніндегі ресми өтінім өткен жылдың қараша айында ұйымның штаб-пәтеріне жолданған болатын. Шілденің 6–13-і аралығында өтетін бағалау миссиясының қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар өз кәсіби бағасын ұсынады.

Егер оң шешім қабылданса, «Арал геопаркі» Қазақстандағы халықаралық деңгейде мойындалған алғашқы жаһандық геопарк мәртебесіне ие болады. Бұл ауданның туристік әлеуетін арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: