Арал аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер ұстаз, қаламгер И. Әйтімұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұшқыройлы қаламгер» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара алдында мәдениет үйінің фойесінде мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап, фотокөрме және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, мерейтой иесіне құрмет көрсетті.
Аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі А.Сайлауов И. Әйтімұлымен сұхбат жүргізіп, оныңұ стаздық және журналистік жолы, шығармашылық ізденістері сөз болып, жас журналистерге арналған тағылымды ойлар айтылды.
Кеш барысында мерейтой иесіне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, күйші-сазгер, Арал ауданының Құрметті азаматы Ж. Жақып құттықтау лебізін білдірді. Ал шәкірті, ҚазақстанЖурналистер одағының мүшесі, аудандық «Толқын» газетінің тілшісі А.Елеш ұстазына арнаған өлеңін оқыды.
И. Әйтімұлының 80 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың әдіскерлері арасында шығармашылық байқау өткен болатын. Бүгінгі кеште аталмыш байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды.
Жүлделі ІІІ орын – Сазды ауылдық клубының әдіскері М.Құлназарқызы иеленсе, жүлделі ІІ орынға Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Р.Бейбітқызы ие болды. Сондай-ақ жүлделі І орын –Абай ауылдық клубының әдіскері Г.Сыдыққызына табысталды.
Байқаудың бас жүлдесі – Қамыстыбас ауылдық клубының әдіскері Г. Нұрбайқызына бұйырды.
Бүгінгі кездесу ұстаз әрі қаламгердің көп жылдық еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болып, ұлттық руханиятты, туған өлке тарихын және сөз өнерінің қадір-қасиетін насихаттауға арналды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!