Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арманым – спорт журналисі болу

07.03.2026, 18:25 30

Журналистика – сан қырлы сала. Тиісінше әр журналистің өзі түсінетін, пайымдай алатын діттеген саласы болады. Оған «Салалық журналистика» деп айдар тағамыз. Біреу экономиканы талдап-таразылап жазуы мүмкін, ал біреу медицинаны місе тұтады. Ал мен армандаған, мақсат қойған журналистика түрі – спорт журналистикасы.

Бұған ең алдымен спортқа деген жеке қызығушылығым түрткі болды. Бала кезден футболға құмарттым, әжептәуір қала, облыс деңгейінде жарыстарға қатысып, төбе көрсеттім. Соның арқасында шығар, 9-сыныпты аяқтап, мамандық таңдаған тұста ойланбастан журналистиканы, оның ішінде спорт журналистикасына талап қойдым.

Әрине, спорт журналистикасын таңдаған соң бір бағытта ғана жұмыс істеуге болмайды. Спорт деп аты айтып тұрғандай, кез келген спорт журналисі кемі үш спорт түрін жетік біліп, сарапшыша сайрауы керек. Сонау спорт журналистикасының ақтаңгері Сейдахмет Бердұқыловтан бастап, Несіп Жүнісбайұлы, Амангелді Сейітхандар керек болса футболды сараптап қоймай, күрестен тоғызқұмалаққа дейін көсілетін.

Қазір спорт журналистикасының ағымы өзгерді: нақтырақ, толық подкаст жанрына өтті. Әлімжан Асқар, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын сынды журналистер телеарнадағы комментаторлық қызметпен қатар, мультимедиада әжептәуір танылған. Телеграм арна жүргізеді, подкаст жасап, өткен-кеткен жаңалықты әңгімелейді, талқыға салады – менің де арманым жаңа замани журналистиканы жіті меңгерген сол кісілер секілді журналист болу.

Асқарбек ҚАРАСАЙҰЛЫ

Арал аудандық №220 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: