Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астана күнінде елімізде 448 сәби дүниеге келді

07.07.2026, 9:40 57

6 шілдеде, Астана күні мерекесінде Қазақстанның перзентханаларында 448 сәби өмірге келді, деп хабарлайды halyqline.kz.

Дүниеге келген нәрестенің 223-і ұл, 225-і қыз болды. Мереке қуанышын еселей түскендей, осы күні елордада екі отбасында егіз сәби өмір есігін ашқан.

Өңірлер бойынша ең көп нәресте Түркістан облысында тіркелген, онда бір күнде 67 сәби дүниеге келді. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, мұнда 44 нәресте туды. Ал Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40-тан сәби өмірге келген.

Астана күні деген еліміз үшін ерекше мереке, ал сол қуанышты күні жарық дүниеге келген әрбір сәби отбасына қос мереке болып, шаңырақтарына ерекше шаттық сыйлағаны сөзсіз. Осы күні ата-ана болу бақытына кенелген отбасыларды құттықтап, бөбектерге ұзақ әрі бақытты ғұмыр тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: