Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық-саяси ахуал бағытындағы жұмыстар сараланды

25.06.2026, 9:55 67

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті, деп жазады облыстық қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Жиынға қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, басқарма басшысының орынбасары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен қоғамдық даму бөлімдерінің басшылары қатысты.

Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі әлеуметтік көңіл күйді тұрақты бақылауда ұстау, халықпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

— «Қоғамдық тұрақтылық – өңір дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әрбір аудан мен қалада ахуалды жіті бақылап, тұрғындармен ашық әрі жедел кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмысты сөзбен емес, нақты іспен көрсету керек. Әрбір мәселе уақытында қаралып, жергілікті жерде шешімін табуы тиіс. Халықпен кері байланыс үзілмеуі керек, керісінше, күнделікті жұмыс тәртібіне айналуы қажет, — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Жиын барысында салаға жауапты құрылымдарға қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру бағытында нақты тапсырмалар беріліп, жергілікті жерлерде профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жедел қабылдап, тиісті деңгейде шешу тетіктерін күшейту қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселесі де қаралды. Бұл бағытта өңірдегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ісқағаздарын жүргізуде қазақ тілінің үлесін арттыру және азаматтардың тілдік қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: