Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демалысты тиімді өткізу: Құлсарының жасөспірімдері өмірге қажетті дағдыларды меңгерді

22.06.2026, 11:35 95

Мектеп оқушылары жазғы демалыста жүргенімен, Атырау облысы Құлсары қаласының жасөспірімдері қайтадан оқуға оралды. 18–19 маусым күндері мұнда «Өмірлік дағдыларға негізделген кешенді оқыту» атты екі күндік тренинг өтті.

Тренингке 23 белсенді мектеп және колледж оқушылары қатысты. Жылыой ауданында «Жауапты шешімдер мектебі» әлеуметтік жобасы аясында мектеп медбикелеріне арналған тренинг аяқталды. Іс-шара «Жауапты шешімдер мектебі» жобасы аясында «Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» (ҚМПА) «Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Тренинг барысында қатысушылар саналы шешім қабылдауға, өз денсаулығына қамқорлық жасауға және өмірлік жағдайларда сенімді бағдар табуға көмектесетін білім мен практикалық дағдыларды меңгерді. Оқыту интерактивті форматта өтіп, пікірталастарды, топтық тапсырмаларды, рөлдік ойындарды және практикалық жаттығуларды қамтыды.

Тренингте физикалық және психикалық денсаулық, репродуктивті денсаулық пен құқықтар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ зиянды әдеттердің ағзаға әсері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жасөспірімдер жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктерін, жеке гигиена мәселелерін, гендерлік теңдікті, отбасылық қарым-қатынастарды, ерте некенің және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарын талқылады.

«Бүгінгі таңда жасөспірімдер үшін тек білу ғана емес, оны өмірде қолдана білу де маңызды. Тренинг барысында қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өмірлік жағдайлардың шешімдерін бірге іздеді. Осындай формат өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі», — деп ҚМПА вице-президенті, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, ЮНФПА-ның ұлттық тренері Мира Сауранбаева атап өтті.

Әлеуметтік жұмыс магистрі, ЮНФПА-ның ұлттық тренері және педагог-психолог Назира Оспанбектің айтуынша, ашық диалог оқытудың негізгі элементтерінің бірі болды.

«Жасөспірімдік кезең — маңызды шешімдер мен өзгерістер кезеңі. Біз үшін әр қатысушы өз пікірін еркін білдіре алатын, сенімді ақпарат алып, толғандырған сұрақтарына жауап таба алатын қауіпсіз әрі сенімге негізделген орта құру маңызды болды», — деп атап өтті тренер.

Тренинг аяқталғаннан кейін жасөспірімдер денсаулықты сақтау және жауапкершілікті мінез-құлық үшін қажетті білімдері мен өмірлік дағдыларын жетілдірді. Олардың алған білімдері мен дағдылары жастарға жауапты шешімдер қабылдауға, салауатты қарым-қатынас орнатуға және болашаққа сенімді жоспарлауға көмектеседі.

Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: