Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазғы маусымда қосымша пойыздар іске қосылады

16.06.2026, 14:45 75

Бүгіннен бастап еліміздің ірі қалаларынан шипажай бағыттарына қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды halyqline.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жолаушылар сұранысын өтеу мақсатында 16 маусымнан Астана, Алматы, Қарағанды сияқты қалалардан Достық пен Балқаш шипажайларына бағытталған он бес қосымша пойыз маршруты ашылады. Жазғы демалыс маусымында туристік бағыттарға сұраныс күрт артатындықтан, министрлік қатынас көлемін кеңейтіп отыр.

Бұл шара жазғы маусымда жолаушыларға тағы 550 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаушылар ағынын еркін өткізу үшін құрамдардағы вагон саны орта есеппен он тоғыздан жиырма бірге дейін ұлғаяды. Демалысқа шыққан отбасылар мен шипажайға бет алған азаматтар үшін бұл билет табу мәселесін едәуір жеңілдетпек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: