Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

12 маусымнан бастап фильмдерге міндетті алдын ала сараптама енгізілді

15.06.2026, 11:20 62

Қазақстанда кинофильмдерді кең прокатқа шығармас бұрын міндетті алдын ала сараптамадан өткізу ережелері күшіне енді. Тиісті құжатқа Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды, деп жазады Halyqline.kz.

Сараптама барысында фильм мазмұнында педофилия, порнография, дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністерінің бар-жоғы тексеріледі. Тексеруден сәтті өткен туындыларға ғана прокаттық куәлік беріліп, ел аумағында көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл ретте киноөнімдерді жас ерекшелігіне қарай жіктеу де нақтыланып, фильмдер 6+, 12+, 14+, 16+, 18+ және 21+ санаттарына бөлінетін болды. Жаңа ереже жалпы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды қорғау бағытындағы заң саясатының жалғасы. Бір жағынан, мұндай комиссия балаларды зиянды контенттен сақтауды мақсат етсе, екінші жағынан, сараптаманың субъективтілігі мен прокатты кешеуілдету қаупі кино индустриясы тарапынан сын тудыруы мүмкін. Комиссия құрамына кәсіби мамандармен қатар психологтар мен қоғам белсенділерінің енгізілуі шешімдердің теңгерімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: