5 маусым түнгі уақыттан бері із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында үйінен ойнауға шығып (Рисмаш ауданы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағында), қайта оралмаған.
Ерекше белгілері:
- Бойы: 110–120 см;
- Дене бітімі: арық;
- Шашы: қара түсті, иығына дейін;
- Көзі: қоңыр түсті, домалақ.
Үстіндегі киімдері: - Ашық жасыл түсті, гүлді футболка;
Ақ түсті шорты;Іздеу жұмыстары арнайы із кесуші иттердің, дрондардың және сүңгуірлердің көмегімен жүргізілуде. Жедел-іздестіру топтары құрылып, қажетті шаралар атқарылуда.
Қыздың жеке басы мен сыртқы келбеті туралы мәліметтер фотосуретімен бірге барлық тиісті аумақтарға таратылды.
Егер сізде Медина туралы қандай да бір ақпарат болса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің 8 (7242) 29-70-76, 29-70-10 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Аталған дерек Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.
Көк түсті аяқ киім (сүйретпе).
Қазіргі уақытта жоғалған қызды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, ТЖД мамандары, туыстары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар да белсенді түрде көмек көрсетуде.
Ақпарат Үйтолған Жареке Фейсбук желісінің пайдаланушысынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!