Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдің мұнай-газ саласын дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы компанияның және оның еншілес ұйымдарының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзіндік орнын ерекше атап өтті.
«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмысты жүзеге асырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да тиімді әріптестік негізінде маңызды жобаларды бірлесіп іске асырып, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз деп сенемін, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кездесуде компанияның әлеуметтік жауапкершілік аясында атқарған жұмыстары жоғары бағаланды. Атап айтқанда, «Қазгермұнайдың» демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге салынған «Оқушылар сарайы» бүгінде балалар игілігіне қызмет етуде.
Бұдан бөлек, мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобалар жайы талқыланды. 2022 жылы өңірдегі ірі мұнай компаниялары мен Энергетика министрлігі арасында «Қазгермұнай» компаниясының «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газ өңдеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
Қазір «Казпетрол Груп» және «Тұзкөл Мұнайгаз Оперейтинг» серіктестіктері құбыр құрылысын аяқтап, газ жеткізуді бастаған. Бұл өңделетін газ көлемін арттырып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!