Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жасыл ел» – туған жерге қызмет етудің үлкен мектебі

02.06.2026, 9:35 54

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен кездесіп, жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтады. Кездесу барысында жастардың ауданның тазалығы мен көркеюіне қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан басшысы өз сөзінде «Жасыл ел» жобасының жастарды еңбекке баулып, жауапкершілікке тәрбиелеудегі маңызы зор екенін айтты.

– «Жасыл ел» – жастарға тек маусымдық жұмыс емес, туған жерге қызмет етудің үлкен мектебі. Сіздер ауданымыздың тазалығы мен көгалдануына атсалысып, қоғамға пайдалы еңбек етіп келесіздер. Бұл – нағыз елжандылықтың көрінісі. Жастардың белсенділігі мен еңбекқорлығы әрдайым қолдауға лайық. Сіздерге табыс, жігер және сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағына 110 жас тартылды. Олар жаз мезгілінде аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстарына қатысып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өз үлестерін қоспақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: