Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастарды ауылда қалай ұстап қаламыз?

01.06.2026, 16:20 48

Фото: ЖИ

Ауыл жастарының қалаға көшуі — соңғы кезде жиі сөз болып жүрген өзекті мәселе. Қазіргі таңда көптеген жастар ауылдан қалаға көшуге асығады. Барлық жас қалаға көшіп кетсе, ауылдың жағдайы қиындап, ауылдағы қарт адамдардың тұрмысы мен өмір сүруіне де әсер етуі мүмкін. Негізгі себеп ретінде ауылдағы жұмыссыздық пен даму мүмкіндіктерінің аздығын айтуымызға болады.

Мәселен, ауыл жастарының бірі Талғатқызы Нұрбанудың айтуынша, жастардың ауылдан қалаға көшуінің басты себебі — білім алу мен тұрақты жұмыс табу мүмкіндігінің аз болуы. Оның пікірінше, ауылда жұмыс орындарының аздығы салдарынан көптеген жас өз мамандығына сай қызмет іздеп, қалаға кетіп жатыр.

Әр ауылдың өзіндік тарихы мен кәсіби жүйесі бар. Яғни, бірі егін егеді ,бірі мал бағады. Егер ауыл белгілі бір кәсіпке бағытталса, бұл жастарға тұрақты жұмыс тауып,туған жерінде еңбек етуіне мүмкіндік береді.

Бүгінде мемлекетте ауылда кәсіп ашқысы келетін жастарға қолдау көрсетіп, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Бірақ жастардың көбі құжат жинаудан, оны толтырудан қиналатындай.

Тіпті, кейбіреуі оған басын қатырғысы да келмейді. Сондықтан, жастарға бағыт-бағдар беретін ақпараттық ресурстар, түсіндірме құралдары және арнайы қолдау орталықтарын дамыту қажет.
Ауылда тек жұмыс істеуге емес, өмір сүруге де жағдай жасау жастар үшін өте маңызды. Себебі, жастар бос уақытын тиімді өткізіп,өздерін дамытуға мүмкіндік іздейді. Егер демалыс орындары мен спорт кешендері болса,бұл оларды қызықтыратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, ауылдан шыққан кәсіпкерлер де өз ауылына қолдау көрсетсе, ауыл одан әрі көркейіп, дами алады.

Қорытындылай келе, жастарды ауылда ұстап қалу үшін жұмыс, мүмкіндік және жағдай жасау өте маңызды. Осылай ауылдық жерлер дамитын болса, жастарда ауылда өмір сүруге бейімделіп, үйренісіп кетеді.

Дильназ ЖҰМАДІЛДӘ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: