Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ПСЖ екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

31.05.2026, 7:06 37

Париждің «Пари Сен Жермен» футбол командасы биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда ПСЖ Англияның «Арсенал» командасын жеңді. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясынан ПСЖ басым түсті. 

Франциялық клуб Чемпиондар лигасында екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр. Былтыр бұл клуб финалда Италияның «Интер» командасын жеңіп, Еуропадағы ең ірі клубтық жарыстың жеңімпазы атанған.

«Арсенал» Чемпиондар лигасының финалында екінші рет ойнап, екінші рет жеңілді. 2006 жылғы финалда лондондық клуб Испанияның «Барселона» командасынан ұтылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: