Ұлттық ұланның әскери бөлімінде басынан ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы күрт нашарлап, реанимацияға түсті.
«Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр. Сол себепті баршаңыздан бейжай қалмай, қолдан келгенше көмектеріңізді аямай, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Оған дұға жасап, жақсы тілектеріңізді арнаңыздар», – деді оңалту маманы Ұлпан Советбековна.
Оның айтуынша, бұл мәлімдеме Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша жасалған. Сарбаздың отбасы мүддесін қорғайтын заңгер Инга Иманбай да оның туыстарымен тұрақты байланыста екенін нақтылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!