Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталды. Informburo.kz мәліметінше, биыл 3,9 млн-нан астам оқушы оқу жылын тәмамдап отыр. Оның ішінде 215 мыңнан астамы 11-сынып түлектері.
25 мамыр күні мектептерде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Онда оқу жылының қорытындысы шығарылып, оқушылардың жетістіктері айтылады. 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау салтанаты ұйымдастырылды.
Министрлік мектеп бітіру шараларын мейрамхана, кафе, банкет залдары, демалыс базалары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салған. Мұғалімдерге сыйлық жинауға да рұқсат жоқ. 9-сынып оқушылары қорытынды емтиханды 29 мамыр мен 11 маусым аралығында, 11-сынып түлектері мемлекеттік емтиханды 2-15 маусым аралығында тапсырады.
Фото Informburo.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!