«Қазгидромет» Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін хабарлады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай Жезқазған, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Қарағанды, Балқаш және Теміртауда күтіледі.
Мұндай жағдай кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар пайда болады. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсіресе өндірістік қалаларда ауа сапасына әсер етеді. Мамандар мұндай күндері тыныс алу жолы сырқаты бар адамдарға далада көп жүрмеуге және үй-жайды жиі желдету тәртібіне абай болуға кеңес береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!