Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дастан Сатпаев Қазақстанда оқуға академиялық грант алды

23.05.2026, 10:59 47

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алу үшін арнайы академиялық грантқа ие болды. Грантты оған Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырды.  

Академия өкілі спорт пен білімді қатар алып жүрудің маңызын атап өткен. Жас футболшының кәсіби мансабы халықаралық деңгейде де назарға ілігіп отыр. Бұған дейін Дастан Сатпаев ағылшынның «Челси» клубының назарына түскені хабарланған еді.

Әзірге футболшының Лондонға кетуіне байланысты Қазақстандағы академиялық грантты қалай пайдаланатыны жөнінде нақты ақпарат берілмеді.

Дастан Сатпаев бұған дейін де бірнеше жетістігімен танылды. Ол «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған. Сонымен бірге футбол мамандары оны Қазақстан футболындағы ең үмітті жас шабуылшылардың бірі ретінде бағалап жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: