Бір әйел жекеме жазыпты.
«Он үш жыл бойына күйеуімнің көңілдесі барын білмеппін. Көбіне іссапарда жүретін. Сол әйелден он екіде жастағы қызы бар екен. Қалай білмегем, бұл өте ұзақ уақыт қой!
Өзіміздің бес баламыз бар. Күйеуім аяғыма жығылып кешірім сұрады. Менен кеткісі келмейтінін айтты.
Мен сол әулеттің барлық ыстық-суығына көніп келген әйелмін. Обидно болды.
Біргеміз. Бұрынғыдай емес, маған қатты көңіл бөледі, жиі қыдырамыз. Бірге жүрген суреттерімізді әлеуметтік желіге жиі саламын. Бұрынғы көңілдесі бізді көрсін, қызғансын деп, өзімді бақытты көрсеткім келетін сияқты. Ал шын мәнінде күйеуіме суып кеткенмін.
Іштей кешіргенім жоқ. Балалардың көзінше жақсы ата-ана секілді өмір сүріп жатырмыз».
Нұржамал ӘЛІШЕВА,
журналист.
Алматы қаласы
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!