Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұрат Ергешбаев «Мәді қажы» шаруашылығына барды

22.05.2026, 21:50 34

 HALYQLINE.KZ

Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылдық округіне барып, «Мәді қажы» шаруашылығының жұмысымен және ғарыштық мониторинг жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты, деп жазады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиырма екі жылдан бері өңірдің аграрлық саласын дамытуға үлес қосып келе жатқан шаруашылық негізінен егін егуге және мал басын көбейту ісін ілгерлетуге басымдық беріп келеді.

Шаруашылықтың 9 765 гектар жерінің 3 065 гектары егістікке, 3 267 гектары жайылымға арналған. Биыл 1000 гектарға күріш, 1200 гектар алқапқа жоңышқа егілді. Бүгінде күріштің 60 пайызы суға бастырылған.

Сапар барысында аймақ басшысы диқандармен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарының жай-жапсарын талқылады. Сонымен қатар, заманауи технологиялардың тиімділігіне тоқталып, ғарыштық мониторинг жүйесінің су үнемдеу, егіс көлемін бақылау және өнімділікті арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, биыл Сырдария ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл ауданда 32 064 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде, оның ішінде 17 мың гектары – күріш, 142 гектары – картоп, 180 гектары – көкөніс, 368 гектары – бау-бақша.

Егісті әртараптандыру бағытында 2000 гектарға жүгері егу көзделген. Жаңбырлатып суару әдісімен 150 гектарға жоңышқа себілсе, 1500 гектар жер лазермен тегістелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: