Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент тапсырмаларының орындалу барысы пысықталды

22.05.2026, 13:05 72

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі маңызды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Кеше облыс әкімі Мемлекет басшысының қабылдауында болып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттер жөнінде баяндады. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында және өңірге жұмыс сапарлары кезінде Президент жүктеген тапсырмаларға тоқталды.
Мәжілісте драма театр, Президенттік кітапхана, 500 орындық емхана және 200 орындық перинаталдық орталық құрылыстарына қатысты мәселелер талқыланып, жауапты тұлғаларға нысандарды талапқа сай етіп әрі уақытылы пайдалануға беру міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек, тиісті мекемелерге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын кеңейтуге, Бейнеу – Сексеуіл автомобиль жолының құрылысына орай министрлікпен бірлесіп шешетін мәселелерді пысықтау тапсырылды.

Өңір экономикасына серпін беретін инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйі де қаралды. Бұл ретте инвесторлармен байланысты күшейтіп, әр кезеңдегі мәселелерге нақты бақылау орнату қажет.
Мәжіліс қорытындысында құрылыс және инфрақұрылым нысандарындағы жұмысты күшейтілген режимде ұйымдастыру, сапа мен мерзімді қатаң қадағалау тапсырылды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: