Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин азық-түлік бағасына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналистер «Азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Қазақстандықтар мұны қосылған құн салығымен байланыстырады. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?» деп сұрады.
«Келіспеймін. Жалпы қарайтын болсақ, мысалы, қазір қызанақ, қырыққабат, қарақұмық бағасы арзандап жатыр. Неге осы туралы айтпайсыздар? (…) Өздеріңізге белгілі, былтыр қыркүйекте инфляция 12,6 пайыз болды. Қазір ай сайын төмендеп келеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша инфляция 10,6 пайыз болды. Мамыр айының қорытындысында тағы да төмендеу болады деп күтілуде. Меніңше, биыл инфляция бір таңбалы көрсеткішке жетеді», – деді Азамат Әмрин Мәжіліс кулуарында.
Бұл ретте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі айына азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айта алмады.
«Мен үй шаруасымен айналыспаймын, бұған жұбайым жауапты. Карта жұбайымның қолында», – деп қысқа қайырды Азамат Әмрин.
Фото: Вечерняя Москва
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!