Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 41 657 гектар егістікке су берілді

21.05.2026, 9:30 55

Қызылорда облысында күріш алқаптарын суару жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 49 857 гектар жерге күріш дәні себіліп, 41 657 гектар егістікке су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, биылғы вегетация кезеңінде Қызылорда облысында күріш егісінің көлемі 70 мың гектардан аспауы тиіс. Суды ұтымды әрі тиімді пайдалану мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірге 3,2 млрд текше метр көлемінде су пайдалану лимитін бекітті. Белгіленген лимиттерді ескере отырып, облыстағы шаруа қожалықтары егіс құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

—  Қазіргі уақытта суару суын бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз „Қазсушар“ облыстық филиалымен тұрақты байланыстамыз және суды бекітілген кестеге сәйкес алып отырмыз,— деді «Мәді Қажы» ЖШС басшысы Жасұлан Тұрлыбеков.

Сала мамандарының айтуынша, су жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.

– Шаруа қожалықтарына су беру бекітілген кестеге сәйкес толық жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде филиалымыз диқандармен каналдар арқылы су жеткізу бойынша 928 келісімшарт жасасты, — деді «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Нажмадин Шамұратов.


Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: