Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қыз Жібек» фильміндегі камзол тергеуден кейін «Қазақфильм» музейіне тапсырылады

20.05.2026, 16:25 65

Мәдениет министрлігі «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ведомство өкілдері бұл бұйымды жай ғана реквизит емес, қазақстандық кино тарихы үшін «киелі жәдігер» деп атап отыр.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, министрлік қызметкерлері актриса Меруерт Өтекешовамен сөйлескен. Актриса өз тарапынан тек камзолды ғана емес, толық жиналғаннан кейін Қыз Жібектің бүкіл костюмін «Қазақфильм» музейіне тапсыруға ниет білдірген.

«Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін қазір “Қазақфильм” музейіндегі барлық дүниені цифрландырып жатырмыз. Қазақстан киносында пайдаланылған барлық костюмдер мен реквизиттер арнайы базаға енгізіледі. Оларды көпшілік көріп, бақылап отыра алады», — деді ол.

Камзол төңірегіндегі дау танымал продюсер Баян Алагөзова оның бейнежазбада киіп шыққанынан кейін басталған. Продюсер бұл камзолды кезінде актриса Меруерт Өтекешева өзіне табыстағанын айтқан.

Фото: За нами уже выехали телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: