Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мбаппе мен Сәтпаев бір команда ойнауы мүмкін

20.05.2026, 10:25 58

HALYQLINE.KZ

Лондондық «Челси» Килиан Мбаппеге қызығушылық танытып отыр, деп жазады penalty.kz.

МБАППЕНІҢ  АНАСЫМЕН  БАЙЛАНЫСҚА  ШЫҚҚАН

El Nacional мәліметінше, команданың жаңа бапкері Хаби Алонсо футболшымен қайта жұмыс істегісі келеді. Осыған байланысты клуб басшылығы алғашқы келіссөздерді бастап, шабуылшының анасы Файза Ламаримен байланысқа шыққан.

Мбаппе мен Алонсо бұған дейін «Реал Мадридте» бірге жұмыс істеген. Испаниялық маман жыл басында корольдік клубтағы қызметімен қоштасып, жақында лондондық командамен келісімшартқа отырды.

Осы маусым Мбаппе үшін сәтсіз өтті. Корольдік клуб бірде-бір трофей жеңе алмады, ал футболшының өзі жиі жанкүйерлер сынына ұшырады. Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, Мбаппе Алонсоның жаттықтыру әдісін жоғары бағалаған. Сонымен қатар «Челси» француз шабуылшысына мадридтік клубтан да жоғары жалақы ұсынуға дайын. Ал Мбаппенің «Реалмен» келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.

СӘТПАЕВТЫҢ  АНГЛИЯҒА  САПАРЫ  АЛЫС  ЕМЕС

«Қайрат»сапындағы Дастан Сәтпаев жақында ресми түрде лондондық клуб құрамына қосылады. Оның «Челси» базасындағы дайындығы 1 шілдеден басталады деп күтілуде.

Бану  ӘБДІҒАЛИЕВА,

спорт шолушысы

Фото: vesti.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: