Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ азаматтарының паспортында Трамптың суреті пайда болады

20.05.2026, 10:45 61

Qaz365.kz жазуынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Президент Дональд Трамптың портреті бейнеленген төлқұжаттардың шектеулі сериясын шығарады.

Жаңа дизайн бойынша, Ақ үй басшысының суреті Тәуелсіздік декларациясының мәтінімен және алтын түстес қолтаңбасымен көмкеріліп, құжаттың ішкі мұқабасында орналасады.

Мерейтойлық төлқұжаттар осы жылдың шілде айында жарыққа шығады. Құжаттың сыртқы дизайны да өзгеріске ұшырамақ: «United States of America» жазуы үлкейтіліп, артқы мұқабасында 13 жұлдызбен қоршалған «250» саны бар ту бейнеленеді. Мемлекеттік департамент жаңа дизайнға қарамастан, құжаттың қауіпсіздік шаралары толық сақталатынын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: