Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кадрлық өзгерістер таныстырылды

19.05.2026, 17:10 65

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан басшысы кадрлық өзгерістерді таныстырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аудан әкімінің өкімімен Сырдария ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы, Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Байдушев Димаш Серікбайұлы, сондай-ақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Тұрлыбеков Ғафур Абдуллаұлы тағайындалды.

Актив отырысында жаңадан тағайындалған азаматтардың еңбек жолдары мен атқарған қызметтері таныстырылып, олардың мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелері мен кәсіби біліктіліктері атап өтілді.

– Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір салада жүйелі жұмыс жүргізіп, халықпен тығыз байланыста болу қажет. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, құрылыс пен инфрақұрылым салаларын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Осы ретте сіздердің тәжірибелеріңіз бен іскерліктеріңіз ауданның дамуына оң серпін береді деп сенемін, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: