Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 балл болатын жер сілкінісі салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек бойынша жедел штабтың хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Ғимараттардың опырылғаны туралы ақпарат тарады.
Фото: Жер сілкінісінің салдары. Видеодан кадр: x.com/MarioNawfal
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!