Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандағы шетелдік елшіліктер ЛГБТКИА+ қауымдастығын қолдап мәлімдеме жасады

17.05.2026, 19:19 38

Азаттық жазуынша, Қазақстандағы бірқатар шетелдік елшіліктер мен Еуропа одағының өкілдігі 17 мамыр, Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күнге орай бірлескен мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде дипломатиялық өкілдіктер ЛГБТКИА+ қауымдастығы өкілдерінің құқығын қорғау, теңдік және кемсітпеу қағидаттарын сақтау маңызды екенін атап өткен. Құжат авторлары әр адам қауіпсіз ортада өмір сүруге, зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғалуға құқылы екенін жеткізген.

Елшіліктер мен Еуроодақ өкілдігі әлемнің түрлі өңірінде ЛГБТКИА+ өкілдеріне қатысты кемсіту, құқықтарға қол жеткізудегі кедергілер және қауіпсіздік мәселелері әлі де сақталып отырғанын айтқан. Олардың пікірінше, азаматтардың қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдындағы теңдік және адам құқығын қорғау демократиялық қоғамның негізгі өлшемдерінің бірі саналады.

Азаттықтың жазуынша, бұл мәлімдеме Қазақстанда «ЛГБТ насихатына» тыйым салуға қатысты заң өзгерістері күшіне енгеннен кейін жарияланып отыр. Аталған өзгерістер бұған дейін ел ішінде де, халықаралық қауымдастық арасында да түрлі пікірталас тудырған. Құжатты қолдағандар оны балаларды қорғау шарасы ретінде бағаласа, сын айтушылар мұндай шектеулер сөз бостандығы мен кемсітпеу қағидаттарына қайшы келуі мүмкін екенін алға тартқан.

Фото: kursiv.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: