«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Арал ауданы аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Сенбілік барысында аудан орталығы мен ауылдық округтердегі көшелер, қоғамдық орындар және әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылып, бейберекет тасталған қоқыс қалдықтары шығарылды. Сонымен қатар саябақтар, аллеялар мен тұрғындар көп шоғырланатын аумақтар ретке келтірілді.

Көркейту жұмыстары аясында жол жиектері, ағаш түптері мен қоршаулар әктеліп, аялдамалар мен қоғамдық орындарға сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар ауданның эстетикалық келбетін жақсартып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Экологиялық акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығына жанашырлық танытты. Ортақ іске жұмылған тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың жауапкершілігі екенін іс жүзінде көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!