Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда атауында «би», «билер кеңесі» және соған ұқсас сөздерді қолданатын ұйымдарға қатысты талаптар күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Үкіметтің мәліметінше, қазіргі уақытта елде осындай 20 қоғамдық бірлестік тіркелген. Тексеру нәтижесінде олардың бірқатары заң талаптарын бұзатыны анықталған: кейбірі көрсетілген мекенжайда жұмыс істемейді, салық есептілігінде мәселелер бар, ал республикалық мәртебесі бар екі бірлестік бұл мәртебесін растай алмаған. Қазір билік оларды таратуға күш салып жатыр.
Сондай-ақ, Бектенов жекелеген ұйымдардың соттар мен құқық қорғау органдары қарауы тиіс дауларға араласуға тырысқанын атап өтті. Үкімет мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Конституциясы талаптарына қайшы келеді деп есептейді.
Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, ру-тайпалық құрылымдарға қатысты ұйымдарды құруға тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен байланысы бардай әсер қалдыратын атауларды қолдануға шектеу енгізу жоспарлануда.
Фото: «За нами уже выехали» телеграм арнасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!