Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кафканың  хаты

03.05.2026, 18:20 58

HALYQLINE.KZ

Ешқашан үйленбеген, бала сүймеген Франц Кафка 40 жасында (1883-1924) Берлиндегі саябақта қыдырып жүргенде сүйікті қуыршағын жоғалтып алып, жылап тұрған кішкентай қызды кездестіреді. Кафка мен қыз қуыршақты іздеп-іздеп таба алмайды.

Кафка оған «ертең осында мені күт, қайта оралып қуыршақты бірге іздейік» деп уәде берді.

Келесі күні олар қанша іздесе де таба алмапты, содан кейін Кафка қуыршақ туралы жазған «белгілеу» жазбасын қызға беріп: «Жылама. Мен бүкіл әлемді аралап қызықты нәрселерді көру үшін сапарға шығып барамын. Мен өзім көрген қызықты оқиғалар туралы жазғанда, қуыршақ туралы да жазатын боламын», — депті.

Осылайша Кафканың өмірінің соңына дейін жалғасқан тарихы басталады.

Қуыршақтардың шытырман оқиғалары мен «Қуыршақтың әңгімелері» туралы Кафканың жазбалары қызға ерекше ұнайды.

Ақыры Кафка Берлинге қайтып келіп қызға қуыршақ сыйлады.

Қыз: «Бұл менің қуыршағыма ұқсамайды екен», — дегенде Кафка: «Менің сапарым мені өзгертті» деген тағы бір жазбасын беріпті. Кішкентай қыз жаңа қуыршағын құшақтап, үйіне қуана оралады.

Бір жылдан кейін Кафка қайтыс болды.

Арада жылдар өткен соң есейген қыз қуыршақтың ішінен хат тауып алады. Кафка қол қойған қысқа хатта:

«Сенің жақсы көретін нәрселердің бәрі жоғалып кетуі мүмкін, бірақ ақыр соңында махаббат басқа жолмен қайта оралады» деп жазылған екен.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: