Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл көлік салығы қалай есептеледі?

28.04.2026, 16:50 115

Көлік салығы былтырғы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Салық сомасы көліктің қозғалтқыш көлеміне және иелік еткен уақытына байланысты анықталады. Жеңіл автокөліктер үшін салық 1 АЕК-тен басталады. Қозғалтқыш көлемі 1500 текше сантиметрден асқан жағдайда, әр қосымша текше сантиметр үшін 7 теңгеден үстеме қосылады.

Мысалы, қозғалтқышы 4000 текше сантиметрден жоғары көлік иелері 117 АЕК көлемінде салық төлейді. Биылдан бастап 10 және 20 жылдық көліктер үшін салық 30%-ға азаяды, ал 20 жылдан асқан көліктерге екі есе төмендету қарастырылған. Соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, мемлекеттік награда иегерлері және кейбір көпбалалы аналар салықтан босатылады. Зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылмаған.

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: