Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тарихтағы үздік шабуылшы»: Дастан Сәтпаев туралы батыл мәлімдеме жасалды

28.04.2026, 15:15 96

HALYQLINE.KZ

Жас футболшының нәтижесі сарапшыларды таңғалдырып жатыр, деп жазады penalty.kz.

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев – ел футболының тарихындағы ең мықты форвардтардың бірі. Мұндай пікірді «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы әрі Қазақстан жастар құрамасының экс-шабуылшысы Айдар Арғымбаев білдірді.

Арғымбаевтың айтуынша, Сәтпаевтың әлеуеті өте жоғары және оның статистикасы бұл пікірді толық дәлелдейді:

«Әлеует тұрғысынан Дастан Сәтпаев – Қазақстан тарихындағы ең мықты шабуылшылардың бірі. Бұл тек менің пікірім емес, оның статистикасы соны көрсетіп тұр. 16-17 жаста мұндай нәтиже көрсеткен шабуылшыны есіме түсіре алмаймын», — деді ол.

2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында Дастан Сәтпаев:

  • 7 матч өткізді
  • 3 гол соқты
  • 2 нәтижелі пас берді.

Сарапшылардың пікірінше, дәл осындай жаста тұрақты нәтиже көрсету – жоғары деңгейдің белгісі. Бұл Сәтпаевтың тек талантты ғана емес, кәсіби тұрғыда дайын ойыншы екенін аңғартады.

Ғани ТҰРҒЫМБЕКОВ,

сарапшы, спорт журналисі

Фото: Vesti.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: