Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белкөл кентінің әкімі таныстырылды

21.04.2026, 16:55 67

Бүгін мәжілісте қала әкімі Нұржан Ахатов 19 сәуірде өткен сайлау нәтижесімен халық қолдауына ие болған кент әкімі Жасұлан Сәдуді таныстырды.

Жасұлан Хабидуллаұлы осыған дейін де Белкөл кентін басқарды. Халықпен тығыз жұмыс істеп, тұрғындардың оң бағасын алды.

Мәжіліс отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев Жасұлан Сәдуге кент әкімінің куәлігін тапсырды.

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов кент әкіміне ардагерлер ұйымы және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуді, халықпен тығыз байланыста болуды, кәсіпкерлікті дамытуды тапсырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: