Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды

21.04.2026, 0:05 78

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өткені мәлім. Қаралы хабарға байланысты марқұммен қоштасу және жерлеу рәсімдерінің уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды egemen.kz.

20 сәуір күні сағат 19:00-де Алматы қаласында «Жұлдыз» мейрамханасы ғимаратында (Гоголь көшесі 40) қонақасы берілді.

Ал 21 сәуір күні сағат 9:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында халықпен қоштасу рәсімі өтеді.

Жазушылар Одағының мәліметінше, жаназа рәсімі 22 сәуір күні сағат 10:00-де Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылы аумағында оқылады. Одан кейін сағат 11:00-де Қоғам ауылдық зиратында жерлеу рәсімі өтеді.

Сол күні сағат 12:00-де Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы «Жұлдыз» мейрамханасы ғимаратында ас беріледі.

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: